Мектеп бағдарламасында оқытылатын қолданбалы әмбебап программалардың ішінде MS Office Excel кестелік процессорының орны ерекше. Өйткені компьютерлік есеп-қысап жасайтын ең қуатты электрондық кесте осы шығар. Excel-дің есептеу, талдау, іріктеу сияқты амалдарды орындау мүмкіндіктері шексіз десек еш қателеспейміз. Excel – өте қуатты есептеу машинасы.

Оқушыларға бұл программаны тереңірек іс жүзінде, яғни практикалық сабақтарда көбірек үйрету керек деп ойлаймын. Осы мақсатта 2007 жылы “Excel-де оқушылардың білім-қабілетін бақылау тестілік жүйесін” жасап, оны информатика сабақтарында сынақтан өткізіп, мұғалімдердің аудандық тамыз оқуында көрсетіп, баяндаған едім. Одан облыстық тамыз оқуына көрсететін кезде ол шара тоқтап қалған болатын. Содан бұл жұмыс “сандықта” қалып қойды.

Төмендегі презентация сол ауқымды шығармашылық жұмыстың ұсынымы ғана. Бірақ оның жалпы идеясы мен құрылымын толық түсіндіреді деген сенімдемін. Бұл жұмыс, бір жағынан, пән мұғалімдерінің  бақылау ісін автоматтандырып, жеңілдетсе, одан басқа, Excel кестелік процессорының жан-жақты есеп-қысап мүмкіндіктерін оқушыларға тереңірек үйретуге жағдай жасайды деген мақсатпен жасалған болатын.

Ұсынымды көріп, мүмкін, өз пайдаңызға жаратарсыз деген үміттемін.

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>