Көпшілік дербес компьютердің ең үлкен қорабын процессор дейді. Әрине, бұл білместіктен. Үлкен қораптың өз аты – жүйелік блок. Компьютердің жұмыс істейтін негізгі бөліктері соның ішінде орналасқан соң солай аталатын шығар. Мысалы, ең басты бөлшек, компьютерге «жан» бітіретін «миы» – процессор да сол жүйелік блоктың нақ ортасынан жылы орын тепкен.

 

img10

 

pr2

 

Жылы емес-ау – ыстық. Процессор қызу жұмыс істеп берген кезде өзі де, айналасын да қол тигізбестей ысытып жібереді. Жанып кетпеуі үшін оны суытқыш радиатормен (көп қатпарлы жұқа металл) қаптап, үстінен және жан-жағынан арнайы желдеткішпен немесе суыту жүйесімен салқындатып отырады. Процессордың желдеткішін ағылшынша cooler деп жазады, «кулер» деп оқиды. Ол өте ықшам да дыбыссыз істейтін және жылдам айналып тұратын пластмасс дөңгелек. Бірақ біраз уақыт істеген компьютерлерде оның дауысы дырылдап шыға бастайды, ондай кезде оның айналу өсіне арнайы майдың бір тамшысын ғана тамызып, майлап қоюға болады. Кулердің бірден-ақ «жаны кіріп» қалады да, үні өшеді.

Ал процессордың өзі… титтей кремний кристалынан жасалған төртбұрышты «тас». Сол тасқа ұқсағандықтан да оны компьютер ұсталары «тас» дей салады. Ал ресми техникалық тілде «орталық процессор» не CPU (central processing unit) деп аталады. Бұл – кремний кристалына құрастырылған өте күрделі электрондық сандық құрылғы. Оны микропроцессор немесе үлкен интегралды сызба деп те атайды. Бұл қазіргі электрондық құралдардың ең шыңы, апофеозы десек жөн болар.

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>