Ар-ұяттың дауысы

миОтбасын құрғанда мен өзіме о бастан мынадай талаптар қойдым:

  • Қорғаймын – хайуандықтан, жоқшылықтан, надандықтан, жалқаулықтан, бейқамдықтан, селсоқтықтан, қақ-соқтан, ауру-сырқаудан және т.с.с.;
  • Тірішілік істейміз – адамға лайықты өмір сүреміз, үздіксіз дамимыз, жетілеміз, яғни алға ұмтыламыз, берекеге, білімге, адамшылыққа, кәсіпке, өнерге, балалардың болашағына, отбасының бақытына.

Бұл қос қағиданы әрбір еркек үшін парыз деп білдім, оларды отбасыма еш міндетсінбеймін, мүмкіндігінше еш салмақ та салмаймын деп серт бердім. Бұл мен ойлап тапқан серт емес еді – ар-ұяттың дауысы еді. Содан да мен бұл жолдың ең дұрыс екеніне ешбір күмән келтірмедім. Өйткені, отбасымның бақыты – менің бақытым екенін ішім бірден сезді. Менің бақытты болғым келді. Менің көкейімде «Бақытты болғың келсе, бол!» деген сөз тұрды.

Міне, содан бері сол қос қағида менің жан дүниемде әрқашан домбыраның қос ішегіндей керіле, тартылды да тұрды. Пенделікпен өмірде аңдамай шалыс басқан, қателескен кездерімде сол «қос ішек» мазасыздана көкейімде даңғырлап, ақ жолыма қайтарып салып отырды.

Меніңше, отбасын құрған сәттен-ақ әрбір еркек отбасының иесі екен сезініп, өз ар-ұятының жөн сөзіне құлақ асып, қабыл алса, бұл, ең бірінші, оның өз бақытының бастауы.  

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>