Балаға берер байлық

мен қандай әкемін?Мені толғандыратыны – осы кезге дейін балаларыма не бердім? Не бере алдым? Өйткені әкенің бірден-бір мақсатының өзі – балаларының бақыты емес пе, сол бақытқа жете алу үшін қажетті «көзқарас», «құрал-сайман», «жарық», «қуат» бере алдым ба?..

Өткен өмірге, балаларыма қарап, ойлансам, оларға менің негізгі сіңіре алған байлықтарым мыналар екен:

1)    Адамгершілікпен адамша өмір сүру;

2)    Жаныңа ең жақын мамандықты таңдай білу және сол жолда үздіксіз талаптану мен ізденіс;

3)    Заманыңа сай жоғары білім мен мәдениетке ұмтылу;

4)    Бір-біріне және елге бауырмалшылдық.

Әсіресе, өзіне сеніп, өмірде аяқта нық тұруға, ол үшін үздіксіз білім-еңбекпен алға ұмтылуға бейімдей алдым-ау деп қуанамын да шүкіршілік етемін.

«Маған ұқсамаңдар, менен әлдеқайда озық та биік болыңдар. Мені құптай бермеңдер, өз пікір-көзқарасың болсын. Менің жолыммен жүрмеңдер, өз жолың анық болсын» деген қағидаларымды әлі де құлаққағыс жасап отырамын. Бұл имандай шыным, өйткені әке бала үшін биіктерге көтерілер нық тұғыр ғана, бала әкеден озбаса, ол нәған тұғыр?!.

 

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>