«Мен не айтсам да ғибрат болсын деп айтамын. Ғибратты өзіңнен баста».

Бақытжан Күшібарұлы

ake-men-balaКіріспе

Қазақта «Әке» деген сөздің орны бөлек. Әке – алтын ұяны, яғни отбасын, құратын, оны ұрпағымен толтыратын, ішкі-сыртқы қауіп-қатерден қорғайтын, тамағын тауып беретін, өмірге және болашаққа бағытталған ынта-жігер мен рух қалыптастыратын айрықша бас тұлға. Отбасының арқа сүйер асқар тауы. Отбасы иесі.

Ал қазір ше? Әкенің осы орны мен рухы сақталды ма? Қазіргі әкелер қандай? Осы сұрақ тек мені ғана мазаламаса керек. Бірақ мен, басқаларды талқыламай, ең алдымен өзімді ойлағанды жөн көрдім. Мен қандай әкемін? Бұл сұрақ бұрын да көкейіме қалқып кеп тұратын, бірақ осы жолы, алпыстың асқарына шыққан кезде, тағы да өзіме-өзім сын көзбен қарадым…

Бір сөзбен айтқанда – үй салдым, бау ектім, бала өсірдім. Тікелей мағынасында. Мені толғандыратыны – балаларыма не бердім? Не бере алдым?

       Осы жерде өткенге кішкене бір көз жүгіртейін. Өзімнің әкем, балалық шағында-ақ ата-әжелерімізбен Барсакелмеске жер   аударылған, 1941 жылғы соғысқа сұранып жүріп қатысқан офицер, одан кейінгі шаруашылықтарды аяққа тұрғызу қарбаласының ішінде  алғашқы есеп-қысап қызметкерлерінен болған адам, бала кезімде-ақ, он жасымда, дүниеден өтті. Міне, сондықтан мен әкенің қандай болатынын білмей өстім. Әкем еміс-еміс қана есіме түседі. Көзін көрген кісілер «әкең жақсы есепші еді» дейтін. Оған қоса әсіресе баса айтатындары – «әкең өте тұлғалы, сері, батыр адам еді, бес-алты адамды сұлатып салу оған түк емес еді, ең ұшына шыққан қаныпезерлердің өзі әкеңнен қорқатын», «әкең өте мәрт адам еді, әлсізге жақтас, барын беретін жанашыр, бірақ өзіне еш мал-дүние жинамады» дейтұғын. Ал өзімнің есімде қалғаны – гармонь, мандолина, домбыра алып келіп, «үйреніңдер» дейтін, әрекідік өлең шығарып, маған жаздыратын, қайда барса да құшақ-құшақ кітап алып келіп «оқы» дейтін. «Оқы, оқы, оқы» дегені құлағымда қалып кеткен әкемнің жалғыз сөзі.

Домбыра тарттым, оқымысты ұстаз болдым, бірақ оны әкем көрмей кетті. Мүмкін о дүниеде рухы шаттанған шығар деп үміттенемін.

Отбасын құрғанда мен өзіме о бастан мынадай талаптар қойдым: …

(жалғасы бар)

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>