Ия, бала оқыту қашан жеңіл болған еді?!.

Ұстаздықтың, бала тәрбиелеудің мәселелерін өмір бойы ойланып-толғанып келеміз. Шешіліп те, шешілмей де жатқаны жетерлік. Тап қазіргі заманда, техника мен технологиялардың өркениетінде, білімнің маңызы қандай жоғары болып тұрса, тәрбиенің маңызы одан әлдеқайда биік. Өйткені “тәрбиесіз білім тұл”.

Дұрыс бағытты, адамзат пен қоғамға пайдалы, болашаққа тұғыр болар тәрбие алмаған жастар көзсіз зағиптан да жаман. Өйткені оның көкірегі көр-соқыр болса, жетесінде жел уілдеп тұрса, өзі де айдалада сандала ұшқан қаңбақтай қаңғырады.

Осы мәселеде әсіресе ұстаз қауымының орны айрықша екені өз-өзінен белгілі. Қазіргі “Ұстаз” деген атты көтеріп жүрген кімдер? “Ұстаз” деген ат емес, мәртебелі атақ бола алды ма? Міне осы көкейден кетпес сұрақтарға үнемі жауап іздеп әлекпін.

Мына мақала да сол толғаныстың бірі. Оқып, ойланып көріңіз.

Скачать (PDF, 263KB)

Метки:    

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>