Сіздің қызметіңізді пайдаланғысы келетін адамдар ең алдымен неге мән береді? Негізінен олар іс-тәжірибеңіз бен портфолиоға қарайды. Бұл, әрине, дұрыс та. Әйтпесе тұтынушы өзіне қызмет жасайтын шебердің кәсібилігін және жұмысының сапасын қайдан біледі? Тек портфолиодағы жұмыс мысалдарын көріп біле алады. Осы мақалада сіздің қызметіңізді қажет ететін көп клиенттер тауып беретін сәнді де мәнді портфолионы қалай жасауға болатыны туралы айтамыз.

Портфолио деген – белгілі бір маманның орындаған жұмыстарының сәнді де мәнді етіп жасалған тізбесі.

Мысалы,

копирайтердің (жалға мәтін жазғыш) портфолиосы – оның өзі жазған, тақырыптар немесе мәтін түрлері бойынша (коммерциялық ұсыныс, сайт контенті, слогандар) сұрыпталған мәтіндерінен тұрады.

Модельдің портфолиосы – модельдің түрлі образдардағы бейнесін көрсететін фотосуреттерінен құралады.

Веб-дизайнердің портфолиосы – ол жасаған сайттардың, баннерлердің немесе дизайнерлік өнімдерінің суреттерінен жасалады.

Фотографтың портфолиосы – оның түрлі бағыттарда (тойлар, портреттер, репортаждар) түсірген фотосуреттерінің жиынтығынан жасалады.

Бағдарламашының портфолиосы – өзі жазған CMS, скрипттер, программалардың интерфейс суреттері мен олардың жұмысын көруге болатын сілтемелерден тұрады.

Портфолиодағы жұмыстардың сапасы мен деңгейіне қарап клиенттер оны орындаушы туралы пікір қалыптастырады – мұнымен жұмыс істеуге бола ма, жоқ па. Сондықтан портфолионы жасауға өте үлкен мән беру керек.

Портфолио қалай жасалады?

  1. Портфолионың бағыттарын немесе бөлімдерін белгілеп алыңыз. Мысалы, копирайтерде бұл: коммерциялық ұсыныстар, сайттарға арналған мәтіндер, нейминг, слогандар. Фотографта: репортаждық түсірілімдер, портреттер, той түсірілімдері және т.б.,
  2. Әр бағыт бойынша ең жақсы жұмыстарыңыз бен орташа сапалы жобаларыңызды таңдап алыңыз. Портфолиоға әр бағыт бойынша 10-20 жұмыс қосу оптималды болады. Осының өзі сіздің кәсіби деңгейіңізді клиентке жеткілікті дәрежеде көрсетеді.
  3. Портфолионы жақсылап сәндеуді ойластырыңыз. Жұмыстарыңызды ыңғайлы ретпен және көрнекі түрде орналастырыңыз.
  4. Портфолионы Интернеттегі жеке сайтыңызға орналастырыңыз. Қосымша компьютеріңіз бен флешкаға да сақтап қойған жөн.

Портфолиоға қандай жұмыстарды қосу керек?

Портфолио жасағанда алғашқы туындайтын сұрақ – қандай жұмыстарымды көрсету керек? Егер Сіз кәсібіңізді енді-енді бастаған болсаңыз, онда барлық тындырған істеріңізді көрсеткен дұрыс. Сізге сұраныс беруші клиенттеріңіз еңбекқор, ізденгіш, тындырымды екеніңізді және жеткілікті тәжірибе жинақтағаныңызды көреді. Ал егер өз кәсібіңізбен ежелден айналысып келе жатқан, өте тәжірибелі шебер болсаңыз, онда портфолиода ең сапалы да қызықты жұмыстарыңызды іріктеп көрсеткен жөн. Сіздің үлкен шеберлігіңізді сол жоғары сапалы жұмыстарыңыз бірден-ақ көрсетеді.

Бірақ портфолионы тек ең жақсы еңбектеріңізбен ғана сәндей бермей, олардың арасына орташа деңгейдегі жұмыстарыңызды да араластырыңыз. Клиенттеріңізде «бұл тек шабыттанған кездегі ең таңдаулы жұмыстарын ғана көрсетіп тұр» деген жаңсақ пікір қалыптаспауы керек.

Портфолионы қайда орналастыру керек?

  1. Жеке өз сайтыңызда орналастыру – бұл ең жақсы шешім, өйткені портфолионы кез-келген уақытта және кез-келген жерден көру мүмкін болады, ол үшін қажет еткен адамға, ұйымға не компанияға портфолионың сілтемесін бере салсаңыз жеткілікті. Портфолио-сайтыңызды тұрақты түрде толықтырып, жетілдіріп, бүкіл Интернетке жариялап, ұсынып отырасыз. Бірте-бірте сайт-портфолиоңыз сіздің жеке брендіңізге айналады.
  2. Портфолионы Интернеттегі түрлі әлеуметтік желілерде, форумдарда, хабарлама тақталарында, фрилансерлер каталогтарында және қашықтан жұмыс істеу биржаларында жариялауға болады. Бірақ бұл әдістердің үлкен кемшіліктері бар. Мысалы, олар ақылы болуы, портфолиоңызға көп орын бермеуі, кенеттен жойып жіберуі әбден мүмкін. Сондай-ақ, ондай жерлерде портфолиоңыз айтарлықтай сәнді емес және құрылымы да өте қарапайым болатыны анық.
  3. Қағаз нұсқада іс папкасына жинақтап, сақтау – портфолиоңызды өзіңіз арнайы көрсетпесеңіз ешкім көрмейді, сөреңізде шаң басып жатуы мүмкін. Ал енді қажет болған кезде өзіңіз де көрсете алмай қалуыңыз әбден мүмкін, өйткені қалың портфолио-папканы өңшең өзіңізбен алып жүре алмайсыз ғой. Және, көп қағаз және уақыт ысырап болады. Қағазға түскен портфолионы үздіксіз дамытып, баптап, жөндей алмайтыныңыз тағы бар. Сондықтан, бұл әдіс қазір ескірді, заман талабына еш сай келмейді десек, қателеспейміз.
  4. CD, DVD дискіге немесе флеш-картаға жазып сақтау – бұл да өте жақсы, ыңғайлы әдіс. Портфолио қашан да жаныңызда, қажет кезде пайдалана саласыз. Әрине, қалтаңыздан түсіп қалмаса.

 Кәсіби портфолионы қандай етіп жасау керек?

  • Әр бағытта 2-6 жобаны алу;
  • Ең жақсы және тың жұмыстар алынған;
  • Жұмыстардың скриншоттары (үлгі суреттері) көрсетілген;
  • Жобалардың сауатты аттары мен сипаттамалары берілген;
  • Беттері сапалы сәнделген;
  • Аватар (орындаушының фотосуреті) бар;

 

Мұғалімнің портфолиосы

Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.

Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.

Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.

Мұғалім портфолиосының өзіндік ерекшеліктері бар. Кәсіби маман ретінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктерін негізгі екі бағытта көрсете алады:

  1. Жеке өзінің тұлғалық және кәсіби маман ретіндегі іс-әрекеттері мен жетістіктері;
  2. Оқушыларының білім мен тәрбие бағыттарындағы іс-әрекеттері мен жетістіктері.
  3. Автопортрет – өзі туралы жалпы мәліметтер, яғни толық резюме, аты-жөні, туылған мезгілі, білімі, мамандығы, бітірген оқу орындары мен олардың дипломдары, жұмыс орны, еңбек өтілі, санаты, атақтары, отбасы, мекен-жайы, аттестация мезгілі, білімін көтеру деректері, марапаттары, байланыс деректері, басты кәсіби қағидалары;
  4. Тікелей білім беру жұмысы - сабақтардың күнтізбелік және күнделікті жоспарлары, әдістемелік нұсқаулар мен құралдар, оқу кабинетінің құжаттары, дидактикалық материалдар;
  5. Өз білімін көтеру – өз білімін көтеру жоспары, білімді көтеру курстары және олардың дипломдары мен сертификаттары;
  6. Шығармашылық жұмыстар – шығармашылық бағыты мен жоспары, кәсіби-педагогикалық, АКТ бойынша, білім-тәрбие бағытында басылымдар мен сайттарға мақалалар жазу, электрондық оқу құралдарын жасау шығармашылығы;
  7. Мұғалім мен оқушыларының жетістіктері – атақтары, марапат қағаздары, дипломдар мен сертификаттар, медальдар мен төсбелгілер;
  8. Дарынды балалармен жұмыс – дарынды оқушылармен жұмыс жоспары мен іс-шаралар, олардың іске асырылуы;
  9. Үлгермейтін оқушылармен жұмыс -   үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жоспары мен іс-шаралар, олардың іске асырылуы;
  10. Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы – тәжірибе алмасу жоспары мен іс-шаралары;

Мұғалім портфолиосының маңызды бөлімдері:

  1. Автопортрет – өзі туралы жалпы мәліметтер, яғни толық резюме, аты-жөні, туылған мезгілі, білімі, мамандығы, бітірген оқу орындары мен олардың дипломдары, жұмыс орны, еңбек өтілі, санаты, атақтары, отбасы, мекен-жайы, аттестация мезгілі, білімін көтеру деректері, марапаттары, байланыс деректері, басты кәсіби қағидалары;
  2. Тікелей білім беру жұмысы - сабақтардың күнтізбелік және күнделікті жоспарлары, әдістемелік нұсқаулар мен құралдар, оқу кабинетінің құжаттары, дидактикалық материалдар;
  3. Өз білімін көтеру – өз білімін көтеру жоспары, білімді көтеру курстары және олардың дипломдары мен сертификаттары;
  4. Шығармашылық жұмыстар – шығармашылық бағыты мен жоспары, кәсіби-педагогикалық, АКТ бойынша, білім-тәрбие бағытында басылымдар мен сайттарға мақалалар жазу, электрондық оқу құралдарын жасау шығармашылығы;
  5. Мұғалім мен оқушыларының жетістіктері – атақтары, марапат қағаздары, дипломдар мен сертификаттар, медальдар мен төсбелгілер;
  6. Дарынды балалармен жұмыс – дарынды оқушылармен жұмыс жоспары мен іс-шаралар, олардың іске асырылуы;
  7. Үлгермейтін оқушылармен жұмыс -   үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жоспары мен іс-шаралар, олардың іске асырылуы;
  8. Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы – тәжірибе алмасу жоспары мен іс-шаралары;

 

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>