16.05.1993
(13-і күні кенже ұлым туылған)
———————-
Лапылдатып,
От тастайсың жүрекке.
Лақылдатып,
Ес жоғалтып,
Есалаңдай жүрмекке.
———————
Өмір өрт пе?!.
Жанды шарпып,
Күйдіріп түсер бір сәтте.
Көңілім шалқып,
Жалындай толқып,
Жанып-ақ кетпеймін мен неге?!.
———————
Ай-хай, өмір!
Қыздайсың, қызықсың.
Жігітті арбайтын “бұзықсың”.
Әйтсе де, тұсау боп тобықтан,
Мойныма шалынған құрықсың.