1990 жыл

(Қызыма арналған)

——————–

Менің атым Айжан,

Ұшып келдім Айдан.

Мендей алтын қызды

Табасыңдар қайдан.

——————–

Би билеймін дөңгелеп,

Би билеймін дөңгелеп.

Мамам жақсы көретін

Мен әдемі көбелек.

 ———————-

Мен де үлкен боламын,

Домбыраны аламын.

Мамам жақсы көретін

Әсем әнге саламын.

———————-

Би билеймін дөңгелеп,

Би билеймін дөңгелеп.

Мамам жақсы көретін

Мен әдемі көбелек.

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>