1995 жылғы жаз

(әні мен сөзі өзімдікі)

———————–

Ақ шаңырақ көңілге

Ұялаған ән болып.

Бақыт силар өмірге

Бала ойнап, бақ қонып.

————————

Ақ шаңырақ, бақ шаңырақ,

Ақ шамыңды жақ жадырап, жадырап.

 ———————–

Ақ отауым – биігім,

Күмбезінен күн туған.

Киелі жерұйығым,

Қуанышпен құлпырған.

———————-

Ақ шаңырақ, бақ шаңырақ,

Ақ шамыңды жақ жадырап, жадырап.

 ———————-

Сая берген жаныма,

Шабыт құйған қаныма.

Жүрегімде жанұям,

Құшып жүрем табына.

———————–

Ақ шаңырақ, бақ шаңырақ,

Ақ шамыңды жақ жадырап, жадырап.

 ———————–

Шаңырағым – шаттығым,

Таза бұлақ жан сырым.

Өмірімді нұрландырған

Мейіріңнен шалқыдым.

———————-

Ақ шаңырақ, бақ шаңырақ,

Ақ шамыңды жақ жадырап, жадырап.

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>