14.06.2013
Күтпеген күні тұрмысқа шықтың,
Қызғалдағым-қызым.
Қимасам да, жүрегіңді ұқтым,
Өмірімнің сәні-қызым.
*************
Көктемі келіп, гүл жарыпты,
Қызғалдағым-қызым.
Аңғармаппын, Ай толыпты,
Сағынышым-қызым.
*************
Бақытты бол, бақытты болшы,
Қызғалдағым-қызым.
Бағы болшы отауыңның, жан-жарыңның,
Жүрегімнен жұлып берген
Жаным-қызым.