Әні мен сөзі өзімдікі
13.02.1989
(Шымкент ауруханасында)
———————–
Желі ызғырған сезімнің шөлдерінде,
Көңілім – керуен үнсіз жортқан сағымданып.
Жеткізе алмай жанымның желкендерін
Арманның аққу-қазды көлдеріне.
————————
Көңілім – керуен, келеді,
Көңілім – керуен.
———————–
Әттең, керуен мұңға батып кер тартады,
Ауыр ойым қара жердей жүк артады.
Сағыныштың от желі бетке ұрып,
Сусыған мұңдақ жолды ұзартады.
————————–
Көңілім – керуен, келеді,
Көңілім – керуен.
————————-
Көңіл неге тыным таппай қаңғырады?
Дүние неге бос тірліктен жаңғырады?
Сусыз шөлде адасқан жолаушыдай,
Алаң көңіл неліктен қамығады?..
————————
Көңілім – керуен, келеді,
Көңілім – керуен.