1990 жыл
Жел суырсын күлімді,
Өлсем егер өртеңдер!
Түнек жабар Күнімді,
Қара жерге көмсеңдер.
——————-
Күл болсам да ұшайын
Көңілдің дауыл желінен.
Рухыммен шарлап құшайын
Қорғаштап қазақ жерін мен.
——————–
Кезіп бір еркін байқайын,
Желіне заман қосып үн.
Ол менің ақтық айқайым –
“Көңілдерге түссін Күн!”