1989 жыл
(Шымкент ауруханасында)
(әні мен сөзі өзімдікі)
———————-
Күй шертем тебіренген көңілмен,
Шабыттанып сенің мұңды көзіңнен.
Күйім менің аңсап ұшқан өзіңе
Қарлығаштай жаратылған сезімнен.
———————–
Аққу мойын ақ домбырам наз үнім,
Мөлдіреткен күй сиқырдың нәзігін.
Нәзігім-ау, күйім менің көз жасың,
Ақ жауындай жуып өткен жаз күнін.
————————
Күйім де сен, назым да сен, еңлігім,
Күймен құшып, еркелеткен елігім.
Аққу-қаздай аңсай келсең арманнан
Қонатұғын сезім толқын көліңмін.