13.05.1996

О, дүние!

Қызықтырып күн шыққан.

Қанағатсыз, қызығыңа

Тоймас көңіл тұншыққан.

———————

О, дүние!

Қаратастай дөңгелек.

Шапағат-мейірім жолыңда

Жаншылып қалған көбелек.

———————-

О, дүние!

Жақсы-жаман ауысқан.

Парқын сезбей секеңдеген

Адам бір сертсіз сауысқан.

———————–

О, дүние!

Өртенбейсің ұяттан.

Безірейген бетпақ жүзің

Жүрегімді жылатқан.

————————

О, дүние!

Омар Хайам үңілген.

Шындық таппай шырайыңнан

Шарап ішіп түңілген.

———————–

О, дүние!

Сыңғырлайсың, сыртың жез.

Жылтыр-тайғақ жалғаныңда

Жаңғырықтай өтем тез.

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>