6.04.1993

Оу, қу дүние, құтқармаған!

Түлкісің-ау бұлаңдап ұсталмаған.

Бір құлдықтан босай бере,

Биледі ақша, ыбырсып ұшандаған.

———————-

О, қу дүние, жалғансың-ау!

Өтірік пен сұмдыққа толғансың-ау.

Бәрі қымбат, тек адамның көңілі арзан,

Сол арзаннан ертең-ақ сорлайсың-ау.

———————-

Сорлайсың-ау, адамзат, сорлайсың-ау!

Өзіңді-өзің шошқадай қорлайсың-ау.

Семіргені шошқаның ақыр-соңы

Сойыстан әрі ешқайда бармайсың-ау.

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>