26.09.13

Жапырақты мұң қаптаған сары түспен,

Құлазимын, қараймын да, мына күзден.

Сағынышым сызып өтті жүрегімді

Келемін мең-зең күйде сол ізбенен.

*****************

Сызықтары жапырақтың тағдырымдай,

Тармақ-тармақ, қу жүректің тамырындай.

Жапырағым ілініп тұр елбелектеп,

Жылу күткен жапан дүзде жалғызымдай.

*****************

Құдай-ау, әлем сыры мөлдірей ме,

Үлбіреген жапырақта жыр тұнып тұр.

Жанымды жай таптырмай желбірей ме,

Жанарымнан “мұң бұлағы” бұлқынып тұр.

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>