28.02.1993

Әй, құдайдың пендесі!

Тәубеңе кел, тәубеңе!

Нан піседі-ау кеудеңе.

Арыстандай айбат қып,

Айға шабам мен деме,

Тәубеңе кел, тәубеңе.

———————-

Әй, Құдайдың пендесі!

Тәубеңе кел, тәубеңе.

Тас жаумасын төбеңе.

Тәкаппарсып, менменсіп,

Ұқсайсың бос көзеге,

Тәубеңе кел, тәубеңе.

———————

Қу дүниеден кезінде

Заман да өткен, адам да.

Дөңгелеп уақыт тезінде

Жақсы да өткен, жаман да.

Болған. Бәрі де болған!

Өткен.

————————

Болған, бәрі де болған.

Өткен…

Кетесің сен де, тағдырың – жорғаң.

Көкте Құдай, жерде шайтан,

Ортасында жоқ қой қорған.

———————–

Ей, Құдайдың пендесі,

Тәубеңе кел, тәубеңе!

Тәубе деген – қанағат,

Асып кетпей тоқтауың.

Жаныңа Ұят ұялап,

Жақсыңды аңсап жоқтауың.

Тәубеңе кел, тәубеңе.

————————-

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>