2.12.1995
Жаным – жартас, құзында
Ақ пен қара таласқан.
“Шың болмайсың!” – деп,
“Құла, құл болғайсың!” – деп,
Тоқпақтайды төбемнен
Заман – қараспан.
———————
Ақ пен қара – арпалыс.
Арыстанды Айға атқан.
“Жарық жоқ алда!” – деп,
“Үгітіл жолда!” – деп,
Түңілу – терең жарқабақ,
Қыспақтайды жан-жақтан.