әні мен сөзі өзімдікі

04.1992

————————

Билеп жастар

Жайқалады

Шаттықтан.

Армандастар

Ән салады

Асыққан.

———————-

Арманға жетелеген өмір,

Тасып көңіл, асық көңіл,

Ақ тұлпарым өзің.

Арманға жетер

Аққу желкен

Үміт кемем өзің.

 ——————–

Жастық көңіл

Жадыратқан

Жаз күнін.

Жастық өмір

Бүршік атқан

Таң бүгін.

———————-

Арманға жетелеген өмір,

Тасып көңіл, асық көңіл,

Ақ тұлпарым өзің.

Арманға жетер

Аққу желкен

Үміт кемем өзің.

 ———————–

Биле, жастар,

Ойна да күл,

Тартынба.

Арман-асқар,

Асатын күн алдыңда.

——————–

Арманға жетелеген өмір,

Тасып көңіл, асық көңіл,

Ақ тұлпарым өзің.

Арманға жетер

Аққу желкен

Үміт кемем өзің.

электрондық курстар
электрондық қорға өтіңіз >>