1995 жылғы наурыз
(әні мен сөзі өзімдікі)
———————
А-хау, домбыра!
Сырласым сен ғана.
Көңілім бәйтерек
Күйіңмен өскен еркелеп.
Киелі қанатым,
Пірағым, домбыра.
———————-
А-хау, домбыра!
Жүректі жандыра,
Күмбірлеп шанағың
Шабыттың іштім шарабын.
Кеудемде өшпейтін
Шырағым, домбыра.
——————–
Пернелі пірімсің,
Жүрегім, домбыра.