Күй сыры

Күй сыры

-+*1989 жыл (Шымкент ауруханасында) (әні мен сөзі өзімдікі) ———————- Күй шертем тебіренген көңілмен, Шабыттанып сенің мұңды көзіңнен. Күйім менің аңсап ұшқан өзіңе Қарлығаштай жаратылған сезімнен. ———————– Аққу мойын ақ домбырам наз үнім, Мөлдіреткен күй сиқырдың нәзігін. Нәзігім-ау, күйім менің көз

Жүрегім, домбыра

Жүрегім, домбыра

-+*1995 жылғы наурыз (әні мен сөзі өзімдікі) ——————— А-хау, домбыра! Сырласым сен ғана. Көңілім бәйтерек Күйіңмен өскен еркелеп. Киелі қанатым, Пірағым, домбыра. ———————- А-хау, домбыра! Жүректі жандыра, Күмбірлеп шанағың Шабыттың іштім шарабын. Кеудемде өшпейтін Шырағым, домбыра.  ——————– Пернелі пірімсің, Жүрегім,

Ақ шаңырақ

Ақ шаңырақ

-+*1995 жылғы жаз (әні мен сөзі өзімдікі) ———————– Ақ шаңырақ көңілге Ұялаған ән болып. Бақыт силар өмірге Бала ойнап, бақ қонып. ———————— Ақ шаңырақ, бақ шаңырақ, Ақ шамыңды жақ жадырап, жадырап.  ———————– Ақ отауым – биігім, Күмбезінен күн туған. Киелі

Айжан қыздың әні

Айжан қыздың әні

-+*1990 жыл (Қызыма арналған) ——————– Менің атым Айжан, Ұшып келдім Айдан. Мендей алтын қызды Табасыңдар қайдан. ——————– Би билеймін дөңгелеп, Би билеймін дөңгелеп. Мамам жақсы көретін Мен әдемі көбелек.  ———————- Мен де үлкен боламын, Домбыраны аламын. Мамам жақсы көретін Әсем

О, дүние!

О, дүние!

-+*13.05.1996 О, дүние! Қызықтырып күн шыққан. Қанағатсыз, қызығыңа Тоймас көңіл тұншыққан. ——————— О, дүние! Қаратастай дөңгелек. Шапағат-мейірім жолыңда Жаншылып қалған көбелек. ———————- О, дүние! Жақсы-жаман ауысқан. Парқын сезбей секеңдеген Адам бір сертсіз сауысқан. ———————– О, дүние! Өртенбейсің ұяттан. Безірейген бетпақ

Толғаныс – арпалыс

Толғаныс – арпалыс

-+*2.12.1995 Жаным – жартас, құзында Ақ пен қара таласқан. “Шың болмайсың!” – деп, “Құла, құл болғайсың!” – деп, Тоқпақтайды төбемнен Заман – қараспан. ——————— Ақ пен қара – арпалыс. Арыстанды Айға атқан. “Жарық жоқ алда!” – деп, “Үгітіл жолда!” –

Түңілу

Түңілу

-+*2.12.1995 Қара! Қарашы! Қараңғы! Қара түнек… Жара! Жан жарасы! Қабынған, Қарайған қаны бөлек… ———————- Жарқабақ жыртық-жыртық, Шұбар жылан быртық-быртық, У шашады, қан-жүйкеге ашқарақ, Заман – зәрлі, бұлаңдауы басқарақ. ———————- Заман – қара. Жаным – жара! Ағып кетпейсің, көзім – қара!..

Сұлу қыз

Сұлу қыз

-+*1993 жыл Ұнаттым мен өзіңді, Ән саламын көңілді. ——————– Сұлу қыз-ау, сұлу қыз, Ән салайық екеуміз. Би билеп, би билеп-ай. ———————— Көздерің күлім қағады, Жүрегім оттай жанады. ———————- Сұлу қыз-ау, сұлу қыз, Ән салайық екеуміз. Би билеп, би билеп-ай.  ——————–

Ай-хай, өмір!

Ай-хай, өмір!

-+*16.05.1993 (13-і күні кенже ұлым туылған) ———————- Лапылдатып, От тастайсың жүрекке. Лақылдатып, Ес жоғалтып, Есалаңдай жүрмекке. ——————— Өмір өрт пе?!. Жанды шарпып, Күйдіріп түсер бір сәтте. Көңілім шалқып, Жалындай толқып, Жанып-ақ кетпеймін мен неге?!. ——————— Ай-хай, өмір! Қыздайсың, қызықсың. Жігітті

Көңіл – керуен

Көңіл – керуен

-+*Әні мен сөзі өзімдікі 13.02.1989 (Шымкент ауруханасында) ———————– Желі ызғырған сезімнің шөлдерінде, Көңілім – керуен үнсіз жортқан сағымданып. Жеткізе алмай жанымның желкендерін Арманның аққу-қазды көлдеріне. ———————— Көңілім – керуен, келеді, Көңілім – керуен.  ———————– Әттең, керуен мұңға батып кер тартады,