Бақытты болшы, қызғалдағым-қызым!

Бақытты болшы, қызғалдағым-қызым!

14.06.2013 Күтпеген күні тұрмысқа шықтың, Қызғалдағым-қызым. Қимасам да, жүрегіңді ұқтым, Өмірімнің сәні-қызым. ************* Көктемі келіп, гүл жарыпты, Қызғалдағым-қызым. Аңғармаппын, Ай толыпты, Сағынышым-қызым. ************* Бақытты бол, бақытты болшы, Қызғалдағым-қызым. Бағы болшы отауыңның, жан-жарыңның, Жүрегімнен жұлып берген Жаным-қызым.