Қашықтан оқуды жеңілдетуге кеңес

немесе «мен неге Кэмбриджге ренжідім?» Бұл мақала мен сияқты мектепке қырық жыл өмірін арнап «қадірлі ұстаз» болған қарт ұстаздар туралы. «Біз кімбіз? Біздің мектептегі қазіргі орнымыз қайда? Біздің қадіріміз қандай?» – деген сияқты сан сауалға жауап іздедім. Өзіме есеп бердім.
Мектептегі мұғалімнің құлаш-құлаш жоспарлармен, отчеттармен, қатал сабақ кестесімен, тексерулермен, тау-тау қағаздармен… әйтеуір қолы тимейді. Баланы оқытып, тәрбиелеуге қолы тимейді! Өткендегі, Алматыдағы «білім мәселелерін тыңдаудың» айтып отырғаны да осы. Қолы тисе де, көңілі алаңдап, өзінің түпкі міндеті – оқу-тәрбие ісіне еш